Рақымшылық аясында бостандыққа шықты

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық туралы заңына ілінген 6 сотталған азамат бостандыққа шықты.
Қазіргі таңда, сотқа 128 сотталғаннын іс құжаты жолданған, онын ішінде 57 іс-құжат қаралып, 34 сотталған мекемеден босатылды, тисінше 23 сотталғаннын жаза мерзімдері қысқартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде
атқарылуда.
Аталған рақымшылық заңнамалық іске асыру нәтижесінде мекемеде жазасын өтеп жатқан 6 сотталған азамат бостандыққа шықты.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесі бастығы әділет подполковнигі Б.Ортаев бостандыққа шыққан азаматтардың заң талаптарын сақтап, қоғамға бейімделіп, салауатты өмір салтын ұстануына тілектестік білдіреді.

Comments (0)
Add Comment