2025 жылдың 23 маусымында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 15 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жариялады.
Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында жасалған игі шара аясында сотталғандардың алғашқы легі бостандыққа шықты. Олардың қатарында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде жазасын өтеген 2 азамат та бар. Олар жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту арқылы еркіндікке жолдама алған.
Айта кетейік, рақымшылық аясында бостандыққа шыққан жандарға жаңа өмірге бейімделуге, қоғамда өз орнын табуға, жұмысқа орналасуға, қажетті құжаттарды алуға және тағы да басқа көмек көрсетіледі.