«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жергілікті жерде іске асыру және тұрғындардың өтініш-тілектерін мерзімінде, сапалы орындау мақсатында бүгін Қордай ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен онлайн-формат режиміндегі бастапқы қабылдауын өткізді.
Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезеңнен бастап аудан әкімінің азаматтарды қабылдауы тоқтатылып, тұрғындардың жазбаша арыз-шағымдары аудан әкімі аппараттың ресми электрондық поштасы және әкімінің жеке блогы мен Электрондық үкімет порталы арқылы қабылдануда. Барлық азаматтарға Заңмен белгіленмен мерзімде жауаптары берілуде.