Психологиялық тренинг өткізілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің психолог мамандары психологиялық тренинг өткізді.

Жазасын өтеушілер қатысқан шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Психология» кафедрасының меңгерушісі, психолог А.Берденова арнайы шақыртылды.

Мекеменің психолог мамандары – әділет майоры Маржан Сейдуллаева мен әділет лейтенанты Сәуле Әзімханова өткізген тренинг барысында сотталғандар түрлі жаттығулар жасап, психологиялық консультация алды.

Айта кетер жайт, жоғары оқу ордасының маманы ҚАЖ департаменті мен университет арасында жасалған арнайы меморандум аясында шақыртылған болатын.

Comments (0)
Add Comment