Прокурор облыс әкімінің орынбасары болған Жақсылық Омарды 6 жылға соттауды сұрады

Тергеу дерегінше, ол қызметтік өкілеттігін пайдаланып, автокөлікке қатысты заңсыз әрекеттер жасаған және 20 миллион теңге көлемінде пара сұраған.

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сондай-ақ оның мүлкін тәркілеу, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттету және «Құрмет» орденінен айыру ұсынылды.

Жақсылық Омар аса ірі көлемдегі алаяқтық және пара алу баптары бойынша айыпталып отыр. Тергеу дерегінше, ол қызметтік өкілеттігін пайдаланып, автокөлікке қатысты заңсыз әрекеттер жасаған және 20 миллион теңге көлемінде пара сұраған.

Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде шығынды өтеуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілді.

Айта кеткен жөн, бұған дейін ол Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарған.

Aikyn.kz сайты.

Comments (0)
Add Comment