25.04.2024 жылы Тараз станциясының Желілік полиция бөлімі Боранды станциясының ЖПб бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны А.Кәрімжан, «ҚТЖ ҰК» АҚ Әскерилендірілген теміржол күзеті Тараз филиалы директоры Е.Мүсілімовпен бірлесіп, дөңгелек үстел өткізді.
Сонымен қатар Тараз станциясының Желілік полиция бөлімінің қызмет атқару учаскесінде 2024 жылғы 26-28 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шараның өтетінін және мақсатын айтып өтті, яғни, көлік обьектілерінде қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Тараз станциясының қызмет көрсету учаскесінде поездардың адам басып кету фактілерінің алдын алу, сондай-ақ балалардың теміржолдағы қауіпсіз жүріс — тұрыс ережелерін ескерту, жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу, кәмелетке толмағандардың арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз болуын анықтау, сондай-ақ балалардың жарақат алуы, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының әйнек сындыру фактілерінің алдын алу болып табылады.