Жаңатас қаласын қыс мезгілінде жылумен қамтамасыз етуде қаладағы орталық қазандықтың маңызы зор.
Ағымдағы жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғ. Кенжеахметов Сарысу ауданында іс-сапармен болды.
Мемлекеттік инспектор қаладағы жылыту маусымының өту барысы, қалалық орталық қазандықтың жағдайы, қазандықтың газға ауыстыру жұмыстарымен танысты.
Мердігер компания тарапынан 4 дана Bosch су қыздыру қазандық қондырғылары, 1 дана Bosch бу қазандығы қондырғылары, желілік сорғылар, түтін құбыры, өзге де қажетті қондырғылар толық орнатылып, іске қосылған.