Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда кедергісіз орта құру үшін әлеуметтік қызметтер цифрландырылуда

 Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде Үкімет инклюзивті орта құру тәсілдерін өзгертуде. Бюрократия мен субъективті бағалауды болдырмау үшін мүгедектікті белгілеудің белсенді форматы енгізілуде. Қазірдің өзінде аурудың 30-дан астам түрі бойынша сараптама сырттай жүргізіледі, ал ампутация немесе Даун синдромы сияқты қайтымсыз өзгерістері бар азаматтар үшін мүгедектік автоматты түрде беріледі.

 Осы жұмыс шеңберінде әлеуметтік қызметтер порталы жаңғыртылды, ол арқылы 345 мың техникалық оңалту құралдары берілді және өңірлерде 4 жаңа оңалту орталығы ашылды. Келесі қадам — озық технологияларды енгізу.

«Жыл соңына дейін біз жасанды интеллектіні қолдана отырып, өмір сүру жағдайының шектелуін бағалайтын балдық жүйеге негізделген пилоттық жобаны іске қосамыз. Бүкіл ел бойынша мүгедектік пен кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылуды бағалау бірдей көрсеткіштер болған кезде адами фактордың және сарапшылардың субъективті пікірінсіз автоматты түрде белгіленетін бірыңғай стандарт енгізіледі»,

— деп хабарлады Светлана Жақыпова.

 @KZgovernment

Comments (0)
Add Comment