Президент тапсырмасының орындалуы: ауылдық округтердің жеке кірістері соңғы жылдары 3,5 есеге өсті

Ұлттық экономика вице-министрі Б.Омарбековтің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары ауылдық округтердің өз табыстары 3,5 есеге өсті. Бұл динамика қосымша салықтар мен төлемдерді беру арқылы күшейтіледі.

«Бұдан бөлек, 2023 жылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау тәжірибесі енгізілді. Пилоттық режимде алғаш рет 46 аудан және 3 облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті»,

— деді Б.Омарбеков.

Comments (0)
Add Comment