Президент «Русская медная компания» негізін қалаушысымен кездесті

Ақорда

Президент «Русская медная компания» негізін қалаушысымен кездесті: 31 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278957-prezident-russkaia-mednaia-kompaniia-negizin-qalausysymen-kezdesti

Comments (0)
Add Comment