Бүгін Президент Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барып, ем алып жатқан балалардың жағдайын білді. Еліміздің әр өңірінен келген жеткіншектер тезірек сауығып кетуі үшін дәрігерлер қажетті ем-домды жасап жатыр. Жас өрендер оқудан қол үзбей, білімін жалғастыруға мұнда барлық жағдай жасалған.
Мемлекет басшысы балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесіп, жеткіншектердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Президент орталықта ем алып жатқан балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлық үлестірді.
Ruslan Zheldibay