Президент қол қусырып отыратын мемқызметкерлерді сынады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауы кезінде қол қусырып отыратын мемлекеттік қызметшілерді сынады.

«Өзімнің тәжірибемнен білемін. Бөлімде он адам отырса, соның ішінде үшеуі ғана баршасы үшін аянбай еңбек етеді. Қалғандары қол қусырып отырады. Сәйкесінше, тек жұмыс істей алатындарға барлығын жүктеп қояды. Осы үшеуі барлық есепті жасап, негізгі жұмыстарды атқарады», — деп тоқталды Елбасы.

Осы орайда Президент жұмысына салғырт қарайтындардың орнына нақты жұмыс істейтіндерді қалдыру керектігін атап өтті. Бұдан бұрын хабарланғандай,  бүгін Ақордада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер арасындағы бәсекелестік туралы айтып берді.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment