Президент Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді.

https://turkystan.kz/article/227246-prezident-kazakstannyn-reseydegi-elshisi-deuren-abaevty-kabyldady/
Comments (0)
Add Comment