https://turkystan.kz/article/259739-prezident-ansi-maira-iliiasovany-quttyqtady
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, қазақтың жезтаңдай әншісі Майра Ілиясованы мерейтойымен құттықтады.
Құттықтау хатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы әншінің ұлттық ән өнерін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ыстық ықыласын, ілтипатын білдірді.
Майра Ілиясова – ұлт мәдениетінің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген, ғұмырлы шығармаларымен халықтың жүрегіне жол тапқан біртуар тұлға.
Ол тек әнші ғана емес, өнердегі ізін жалғар жастарға жол сілтеген өнеге мектебі. Майра апамыздың тәрбиесін көрген шәкірттер бүгінде елдің сүйікті өнерпаздарына айналды.
Ұлт өнерінің шынайы жанашыры — Майра Ілиясоваға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, толайым табыс тілейміз!», — деп жазды министр.