Пойызда белгісіз жолаушылармен ішімдік ішкен : Қазақстанға келген шетел азаматы есінен, заттары мен құжаттарынан айырылған

Шетел азаматы тамыз айында Астанаға Мәскеуден ұшып келген. Кейін ол пойызбен Петропавлға барып, сол жерден Ресей астанасына оралуды жоспарлаған. Жолда ер адам кездейсоқ жолаушылармен бірге алкогольдік ішімдік ішіп, Көкшетау вокзалынан бір-ақ шыққан.

13 тамыз күні таңертең Николаевты көшеде Көкшетау қалалық ІІБ қабылдау бөлімінің қызметкерлері тоқтатқан. Полицейлердің айтуынша ол тек шолақшалбар пен жейдеде болған. Ал өзі қатты абдырап қалған. Әңгімелесу барысында ер адамның Көкшетауға қалай жеткені есіне түспеген. Жеке құжаттары мен заттары да жоқ болып шыққан.

Кейін қабылдау бөлмесінің қызметкерлері шетелдіктің әйелі мен қызы бар екенін және олардың Мәскеуде тұратынын анықтады. Виталий туыстарымен байланысу үшін олардың телефон нөмірлерін есіне түсіре алмады.

Ер адамның әйелі мен қызымен байланысу үшін полицейлер көмектесті.

Деректерге сай, оның әйелі мен қызы Мәскеуде Виталийге іздеу жасап, тіпті тірі емес деп ойлаған екен.

 

https://stan.kz/poyizda-belgisiz-zholaushilarmen-ishimdik-ishken-kazaks-388288/

Comments (0)
Add Comment