Полиция қызметкерлері  белгіленбеген орындарда қоқыс тастағандарды бейнебақылау камералары арқылы табуда

Мәселен, Шу қаласында қоқысты белгіленбеген орындарда тастаған тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар банк чектері, түбіртіктектер, балаларына тиесілі дәптерлер, сондай-ақ, бейнебақылау камералар арқылы да анықталды.

Олар өз кінәсін толық мойындап, тастаған қоқыстарын жинап, құқық бұзушылықтың салдарын жойды. Барлығына қатысты Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  434- бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аталған баппен 5 айлық есептік көрсеткіште(АЕК), яғни 15 315 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген. Егерде, 1 жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанып жасалынса -10 АЕК немесе 30 630 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге алып келеді.

Сонымен қатар, тұрғындар арасында құрылыс нысандарының  басшыларымен іргелес аумақтарды таза ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Comments (0)
Add Comment