Петропавлдық ер адам пәтерінде 23 жыл бойы қайық жасаған

Петропавл тұрғыны арманын жүзеге асыру үшін пәтерін қайық жасайтын орынға айналдырған.  Құрылысын 2000 жылы бастаған. Бұл туралы Skopetro Instagram-арнасы жазды.

Қайықты балкон арқылы кранмен төмен түсірген. Мәлім болғандай Евгений Осташко қайығын 23 жыл бойы жасап, жуырда ғана аяқтаған.

Шебердің сөзінше, қайықтың құрылысы бастапқыда тек қызығушылықтан басталып, кейін өміріндегі ең маңызды істердің біріне айналған.

«Гаражда да жұмыс істеуге болатын еді, бірақ онда көлік тұрады. Сондай-ақ қыс мезгілінде суық болады және ыңғайсыз. Сондықтан пәтерде жасаймын деп шештім. Ұзақ уақыттан кейін пәтерім кеңейіп қалды

Қайықты пәтерден шығару үшін кей бөліктерін бұзуға тура келді. Енді суға түсірмей тұрып қайта жасау керек», – деді ол.

Евгений 23 жылдық еңбегін «Славия 2000» деп атаған.

 

https://turkystan.kz/article/231966-petropavldyk-er-adam-peterinde-23-zhyl-boyy-kayyk-zhasagan/

Comments (0)
Add Comment