Петропавлда жүрегі 18 минутқа тоқтап қалған науқас аман қалды

Петропавлда дәрігерлер жүрегі 18 минутқа тоқтап қалған адамды аман алып қалды деп хабарлады 08info.kz  Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Тыныс демікпесімен ауыратын 54 жастағы әйел кенеттен тұншыққан. Жедел жәрдем қызметі жеткенше, науқастың жүрегі тоқтап қалған.

Дәрігерлер дефибрилляторды төрт мәрте қолданып, сәтсіздікке ұшырайды. Артынша қосымша дәрігерлерді шақыртып, біршама уақыттан соң әйелді тірілтіп алған.

Арнайы құрылғымен тыныс алған науқас бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

«Біз келгенде науқас ес түссіз болды. Яғни, қан айналымы мен тыныс алуы дұрыс болмады. Соны байқап, бірден реанимациялық көмекке көшіп кеттік, – деді СҚО Жедел жәрдем орталығының қызметкері Әлия Оразбаева.

Comments (0)
Add Comment