Петропавл қаласында көпқабатты үйдің лифтісінің тросы үзіліп, бір адам көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
«4 қарашада Петропавл қаласының Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, салдарынан 8-ші қабат биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді», – делінген мәліметте.
Қазір оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.