Петропавлда әйелімен сөзге келіп қалған соң, бір жасар қызын терезеден лақтырмақ болған ер адам қоғамдық жұмысқа тартылатын болды
Сот үкіміне сәйкес, ол 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі. Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында болды. Ш. есімді сотталған мас күйінде бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен жаңа туған нәрестені лақтыратынын айтып қорқытқан. Оған бірге тұратын әйелмен жанжалдасуы себеп болған. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар жетіп, нәрестені терезеден лақытармын деп қорқытқан тұрғынды қамауға алды.
Прокурор айыптаушы жақты қолдап, Ш.-ны 120 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын беруді сұрады.Сотталушы кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.
Петропавл қалалық соты Ш.-ға ҚР ҚК 115-бабының санкциясы бойынша ең жоғарғы жазаны берді. Ер адам 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ одан зардап шеккендер қорына 5 АЕК мөлшерінде өндіріліп алынды.
https://turkystan.kz/article/233913-petropavlda-bir-zhasar-yzyn-terezeden-la-tyrma-bol-an-er-adam-o-amdy-zh-mys-a-tartylady