Перизат Қайрат мүгедек балаларға оңалту орталығын салу үшін жиналған ақшаны жұмсап жіберген – ҚМА

Biz Birgemiz қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат тағы бір іс бойынша алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жұрттың сенімін арттыру үшін оңалту орталығына мұқтаж мүгедек балалар мен олардың ата-аналарын іс-шараға тартқан.

«П.Қайрат тарапынан таратылған жалған деректер бойынша 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге ғимарат сыйға тартылған. Алайда, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге түскен, осы ақшаны ол өзінің жеке қажетіне жаратқан. Сонымен қатар, П.Қайрат «Батыр» қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 миллион теңге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген, алайда бұл участокты 2019 жылы бірлестік өзі сатып алған. Оңалту орталығының құрылысы әлі басталмаған қалпында тұр. Орталықтың қажеттілігіне берілді деген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», — делінген ҚМА хабарламасында.

фото: әлеуметтік желіден

https://www.paryz.kz/kazakhstan-news/46277-perizat-qayrat-mugedek-balalarga-onaltu-ortalygyn-salu-ushin-zhinalgan-aqshany-zhumsap-zhibergen-qma?fbclid=IwY2xjawImi95leHRuA2FlbQIxMQABHTPgIPjxNinqWNmP6kxm—0dzh6UjAeQu4mTyqJ9ZcNZYBsLNrO5veNN6g_aem_SroO6Vex7F6pq36ZTqhBSA

Comments (0)
Add Comment