Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Кеше басталған іздеу іс-шаралары таңғы төртке дейін жалғасты. Даша соңғы рет құрбысына қоңырау шалған барлық аумақ тексерілді. Қыз табылды», – деп жазды «VITA» еріктілері.
Еске сала кетейік, облыс полициясының нарядтары, еріктілер № 5 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Дарья Шандрукты іздестірген болатын.
8 желтоқсанда полиция басқармасының кезекші бөліміне анасымен болған жанжалдан кейін сағат 23:00 шамасында жасөспірімнің үйден кетіп қалғандығы туралы хабарлама түскені анықталды.
Анасының айтуынша, ол бұрын да үйден кетіп қалып жүрген.
https://turkystan.kz/article/237571-pavlodarda-zho-alyp-ketken-o-ushy-yz-eki-k-nnen-keyin-tabyldy