Павлодарда 25 қаңтар күні таңғы уақытта көшеден табылған ер адамның неден көз жұмғаны анықталып жатыр деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қаңтарда сағат 07:10-да қала полициясына Павлов – Бекмаханов көшелерінің қиылысында зорлық-зомбылық белгісі жоқ ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Аталған мекенжай бойынша жедел тергеу тобы шықты. Ер адамның жеке басы анықталды. Қайтыс болу фактісі бойынша сараптама тағайындалды», – деп хабарлады баспасөз қызметінде.