Павлодарда әйел адам жоғалып кетті, деп хабаралды turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Vita ұйымына жас әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар түскен.
«Ол 28 наурызда таңғы сағат 5-те әкесінің үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Бірнеше күн бұрын Екібастұз қаласына Павлодар қаласынан келген. Уақытты жоғалтпай, бірден шығып кеткен мекенжайға келіп, іздеуге кірісті. Еріктілер оның туыстарымен сөйлесіп, дүкен камераларын қарады», – дейді ұйымда.
Алайда ол ешбір камераға түспеген.
«Егер Қырмызы Сарбасованы көрген немесе оның орналасқан жерін білетін адамдар болса, еріктілердің келесі нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 Самал (Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі), +7 (747) 615 55 63 Катерина (ватсап)», — делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/241491-pavlodarda-yel-adam-zho-alyp-ketti