Павлодар облысындағы дала өрті сөндірілді

Өртті сөндіруге Павлодар облысынан, Астана қ. ТЖД, Абай облысынан және ҚР ТЖМ 68303 ә/б, орман шаруашылығы қызметтерінің құтқарушылар топтары және жергілікті атқарушы органдардан ерікті өрт сөндіру құралымдары қатысты.

Өртті оқшаулауға 236 адам, 42 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Барлығы 29 рет 64 тонна көлемінде су төгілді. Су Шалқаркөл көлі және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынды.

Қазіргі уақытта шабынды шөптің жергілікті өрт ошақтарын жою жұмыстары жүргізілуде.

https://turkystan.kz/article/250073-pavlodar-oblysyndagy-dala-orti-sondirildi

Comments (0)
Add Comment