Павлодар облысында жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды

 stan.kz

 

Ертіс ауданында прокурорлық тексеріспен ауданы 3 мың гектардан асатын 2 жер учаскесін ірі шаруашылыққа заңсыз беру фактілері анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оң қорытынды алу үшін жер қатынастары бөлімі жер комиссиясының қарауына бұрмаланған деректерді ұсынған.

Атап айтқанда, елді мекендер жерлерінің санаты босалқы және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ауыстырылған.

«Осындай әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жерді жалға алу сомасын 80 млн теңгеге төмендету түрінде залал келтірілді, сондай-ақ жайылымдардың тапшылығы салдарынан жеке мал басын мәжбүрлеп төмендеткен ауыл тұрғындарының құқықтары бұзылды», — делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жерлер мемлекетке қайтарылды және қазір жергілікті халықтың ортақ пайдалануында.

Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

22 мамырнда сот үкімімен жер қатынастары бөлімінің басшысы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігі 3)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

https://turkystan.kz/article/243973-pavlodar-oblysynda-zher-atynastary-b-limini-basshysy-sottaldy

Comments (0)
Add Comment