ПАТРИОТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жуалы ауданына қарасты Б.Момышұлы атындағы шекара бөлімшесінде Жуалының мақтанышы, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры, заң ғылымдарының докторы, ерік-жігердің иесі Сейітжан Мелдебекұлы Қойбақов сарбаздармен кездесті.
«Әскердегі бір күн» атты акцияға Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқарма бастығының тәрбие және идеологиялық, кадрлар бөлімінің бастығы подполковник Сарымсақов Данияр Рамазанұлы, «Бауыржан Момышұлы» шекара бөлімшесінің бастығы аға лейленант Махат Қуандық Оразханұлы, «Бауыржан Момышұлы» шекара бөлімшесі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары лейтенант Жумадил Айбек Ғалымұлы , сондай-ақ ауданнан әскерге шақырылған жастар мен сарбаздар қатысты. Кездесу жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Жиын барысында генерал-майор Сейітжан Мелдебекұлы сарбаздарды ел байрағын желбіретіп, Қазақстан Республикасының мәртебесін биікке көтеріп, ел намысын қолдан бермей, елге қорған болуға шақырды.
-Ер-азамат қашанда ерлерге тән қажыр-қайраттың, ерік-жігердің, ақыл-парасаттың иесі болғаны жөн. Азамат тұлғасын ажарландырып, айшықтай түсетін де осы қасиеттер. «Биік таудың төбе құсап мүжілгені жаман, еркектің әйел құсап сызылғаны жаман» дегендей, ер адам жігерсіз болса – онан не қайыр? Сондықтан кешегі өткен қилы-қилы замандарда еліміздің тәуелсіздігін, кең байтақ сайын даламыздың тұтастығын басқыншы жаулардан «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» қорғап қалған ата-бабаларымыздың батырлығы мен қаһармандығы ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болуға тиіс. Ер-азаматтың тұлғасы тек соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де дараланып тұрса қандай ғанибет! Әр жігіт спортпен, денешынықтырумен айналысып немесе өзін-өзі үнемі шыңдап жүрсе оның нағыз ер тұлғалы азамат болып қалыптасары анық. Бүгінгі таңда азаматтарымызға күштілікпен бірге білімдарлық та, ділмарлық та, кісілік те қажет. Ер жігітке ұсақтық жараспайды,- деді ол өз сөзінде

Жамбыл ауданы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment