Пәтер кезегінде тұрмағандар да ипотекамен үй ала алады

Енді ешқандай кезекте жоқ, мемлекеттен жасалуы мүмкін қайыр-қайырымға қолын бір-ақ сілтегендер үшін жағымды жаңалық. Жуық арада оларға арнап жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленбек.

Индустрия министрлігінің мәліметіне сенсек, жаңа бағдарлама «7-20-25» пен «5-10-20»-ның орнын басады. Азаматтар небәрі 10 пайыздық бастапқы жарнамен несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие болмақ. Тек бұл үшін алдымен «Отбасы банкі» бірыңғай тұрғын үй операторы мәртебесін алуға тиіс.

«Жылдық пайыздық мөлшерлеме және басқа да шарттары туралы әзірге нақты ақпарат жоқ, жаңа ипотекалық бағдарламаның тұжырымдамасы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр екен. Оны алдағы 2-3 апта ішінде бекіту жоспарланған, — деді ведомство өкілдері.

inbusiness.kz

Comments (0)
Add Comment