Пакьяоны құлатқан экс-боксшы Ташкентте қанша алтын алатынымызды айтты

Қазір Ташкентте (Өзбекстан) бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.  Қазақстан боксшылары бұл тартысты бәсекеде топ жара ала ма? Осы орайда Turkystan.kz тілшісі Филиппин елінде №1 адам саналатын даңқты боксшы Мэнни Пакьяоны сұлатып, көрерменді таңғалдырған экс-боксшы, төреші Серікжан Ешмағамбетовтің пікірін білген еді.

Төреші бұл жолғы әлем чемпионатында қазақ боксшылары кемі екі алтын алады деген пікірде. Әсіресе, құрамаға кірген жастардан үміт күтетінін де жасырмады.

«Жігіттердің жақсы дайындықпен барғанын әлеуметтік желіден байқап отырдық. Спарринг-кездесулерін көрдік. Сырттан келген боксшылармен де бірге дайындалды. Қазіргі әлем чемпионаты саяси оқиғаларға тура келіп қалды ғой. Сондықтан мықты деген мемлекеттің боксшылары бара алмады. Менің көзқарасым бойынша, бұл әлем чемпионатында Өзбекстан, Қазақстан, Куба жақсы бокс көрсетеді.

Осы жолы он үш салмақ бойынша бақ сынайды. Қай салмақ екенін айтпай-ақ қояйын, боксшыларымыз қола, күмісті айтпағанда, кем дегенде екі алтын алуы керек. Құрама жаңарып, жастарды алып кетті. Енді жеребеге де байланысты, кімді қалай қояр екен. Бокспен айналысқанына он, жиырма жыл ғана уақыт болған елдер де бар. Боксшыларымызға басында Африка, Арабиядан келген боксшылар кезіксе, финалға оңай шығар еді. Жеребені ешкімге қарамай, көрсетпей жасау керек қой негізі. Қазір қалай екенін білмеймін, бұрын екі мықты боксшыны екі жаққа жіберіп, финалда кездестіретін. Қызық болсын деп, әйтпесе финалдың сәні болмай қалады дегендей.

Құрамаға жаңадан кірген балалар бар. Қателеспесем, 2002, 2003 жылғы болуы керек. Оларда адреналин көп болады, соның арқасында жеңуі мүмкін. Не де болса, солардан үміт күтемін. Ал жиырма бестен асып, тәжірибе жинағандар бәрін ақылға салады», – дейді төреші.

https://turkystan.kz/article/221809-pakyaony-kulatkan-eks-boksshy-tashkentte-kansha-altyn-alatynymyzdy-aytty/

Comments (0)
Add Comment