«Пәк болмай келгенсің»: 19 жыл күйеуінен қорлық көрген алматылық әйел сырын ақтарды

«Балаларым ер жетті, мен шаршадым сенен. Ажырасам».

Күйеуінен 19 жыл қорлық көрген алматылық әйел психолог Сәбит Шаймұратқа сырын ақтарды. Бұл туралы оның келіншегі Ләззат Ракишева өзінің İnstagram парақшасында жариялады.

Автор Шелектен Алматы қаласына қарай көлігімен шығып бара жатып, жол бойында бір әйелдің такси тоқтатып тұрғанын, жанына серік болсын деп жолай ала салғанын жазған.  Ауылына барып, сағынышын басып, құран оқытып қайтып келе жатқан Ерке есімді жолаушы әйел жол бойы әңгімесін айтып, сыр ақтарыпты.  Мектеп кезінде бір жігітке ессіз ғашық болғанын, пәктігін де сол жігітке беріп, алданып қалғанынынан бастаған екен әңгімесін.

“Үйленем деп жүрген жігітімнің басқа қызбен кездесіп жүргенін көрдім. Көңілім қалды. Оны тастап, өзім қалаға оқуға кеттім. Қалада жүргенде болашақ күйеуіммен таныстым. Бірден «үйленейік» деп ұсыныс тастады. Пәк емес екенімді айттым. Ол да бұрын бір рет ажырасқан екен. Тұрмысқа шықтым”, — деді ол.

Ерке күйеуіне 2 бала сыйлап, өткен өмірін ұмытуға тырысса да күйеуі оған мүмкіндік бермепті.

«Үнемі ішіп кеп, «сен қыз болмай келгенсің» дей берді. Сөйтіп жүріп жұмысынан да шығып кетті. Мен жұмысқа орналасып, отбасымды асырадым. Балаларымның бірі Польшаға оқуға кетті. «Балаларым ер жетті, мен шаршадым сенен. Ажырасам» дедім. «Сені кім алады? Ешкім алмайды сені екі балаңмен»деді. Ажырастық. Кейін бірге істейтін жұмыстасым сөз салды. Ол кісіні баламмен кездестірдім. Тауға шықтық. «Мама, папамыз бізге бір де бір рет бұлай көңіл бөлген емес. Сіз бақытты болуға лайықсыз»деді. Қазір сол кісімен отбасын құрдым», — дей бергенде әйел де діттеген жеріне жеткен екен.

Телефоны шыр ете қалыпты. Жолдасы жол бойына шығып, келіншегін күтіп алған екен.

kyn.kz

Comments (0)
Add Comment