“Тамырға зақым келмеген. Жанама беткей тамырлары зақымдалған. Түскен кезде ота бөлімінде алғашқы өңдеу жасалып, жарақатына тігіс салынды. Айтуынша, танымайтын үш-төрт бала телефон сұраған. Бұл телефонын бермеген. Пышақтаған, сосын қашып кеткен”, – деді ол.
Аталған жағдай Ақтөбе шетіндегі Оңтүстік-батыс ықшамауданында болған. Оқушыға пышақты өз үйінің қасында, бұрын бір мектепте оқыған досы салған. Ол қаладағы колледждердің бірінің студенті екен.
Жарақат алған жасөспірім оқитын мектеп басшылары екеуінің дос екенін айтады. Санына пышақты «абайсызда салып алды» дейді.
“Өзінің досы, ойнап, көріп алған да, сол жерде жерге қадап отырғанда тізесінің үстіне қадалған. Сол ғана. Бала жақсы. Ата-анасы, барлығы хабардар. Бұл жағдай абайсызда болған”, – деді Ақтөбе №10 мектеп директоры Индира Бексұлтанова.
Қазіргі уақытта полицейлер күдіктіні тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Бірақ тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын ашып айтпай отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде мектеп ауласында футбол ойнап жүрген жоғары сынып оқушыларын колледж студенттері пышақтап кеткені туралы жазған едік.
Фото: baikal.mk.ru
https://stan.kz/ozinin-dosi-aktobede-okushini-katarlasi-telefon-bermege-410305/