Өзіне ұнамайтын сыйлық алған адамдардың 56%-ы қуанған кейіп танытады – зерттеу

Адамдардың көбіне қажетсіз немесе ұнамайтын сыйлық алған кезде эмоциясын жасыруға тура келеді. Зерттеулерге сәйкес, 56% адам дәл осындай сәтте «мерекелік түр жасап» жасап, риза болғандай кейіп танытады.

Мұндай жағдайда адамның көзқарасынан-ақ оның шынайы сезімін түсінуге болады. Олар көзге тік қарамай, жасанды күлкімен ғана шектеледі. Ішінен «Бұл маған керек пе?!» деп ойлап, сырттай «Рақмет, өте керемет!» деп алғыс білдіреді.

Психологтардың айтуынша, мұндай мінез-құлық көптеген мәдениеттерде әдептілік белгісі ретінде қабылданады. Бірақ сыйлық таңдауда адамдардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескерудің маңыздылығын естен шығармау керек.

turkystan.kz

Comments (0)
Add Comment