«Өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр»: Министр зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы маңызды мәлімдеме жасады

Бұл шешімнің қабылдануына зейнетақы қорындағы қаражаттың жаппай жұмсалуы себеп болған. Ресми деректерге сүйенсек, осы уақытқа дейін қордан алынған 5 триллион теңгенің шамамен 1 триллион теңгесін 20 мен 35 жас аралығындағы азаматтар пайдаланған. Министрлік бұл көрсеткіштің жастар арасында жоғары болуы болашақта зейнетақы төлемдерінің көлеміне теріс әсер етуі мүмкін деп қауіптенеді.

Министр Асқарбек Ертаев жастардың қаржылық сауаттылығы мен жауапкершілігіне тоқталып:

«Жастар болашақ зейнетақысын жұмсаудың орнына, алдымен ақша жинақтауы қажет», – деп атап өтті.

Министрдің пікірінше, зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты – қарттық кезеңді қаржылай қамтамасыз ету, сондықтан жинақтарды ерте жастан орынсыз пайдалануды шектеу керек.

Жаңа ережеге сәйкес, зейнетақы қаражатын алу үшін қажетті минималды шек жыл сайын 10%-ға артып отырады. Бұл шара зейнетақы активтерінің қорда сақталуын қамтамасыз етіп, болашақ зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға бағытталған. Қазіргі уақытта тиісті заңнамалық түзетулер дайындалып, мемлекеттік органдардың қарауына ұсынылған.

фото: ашық дереккөз

Comments (0)
Add Comment