Өнер иесі жеке парақшасында үнемі 5 мың теңге тарататыны туралы айтқан.
«Жақсы сөз өзіңе айналып келеді.
Жақсы сөз жаныңды тыныштандырады
Жақсы сөз балаларыңның жолын ашады.
Жақсы сөз – жақсы энергия.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Бір жағынан, аяқ асты несібе.
Ал әркімге жаман сөз жазып, өзінің және өзгенің күнәсін арқалаушы ғаламторда онсыз да толып жатыр. Кезінде 5k-ны адамдарды жақсылыққа шақыру үшін өзім ойлап тапқанмын. Сол үшін комментте 3 рет 5k бар», – деп жазды әнші.
- «Бір жылдай кездеспей, нүкте қойылды»: Ерке Есмахан күйеуімен қыз-жігіт болып жүрген кезін есіне алды
- «Менің еш кінәм жоқ»: Ерке Есмахан өткен өміріндегі ел білмейтін құпияны бөлісті
Сонымен қатар өнер иесі күйеуі мен анасының қарым-қатынасын да оқырмандарына көрсетіп, үлгі алуға шақырды.
“Мама мен Райм ылғи не әңгіме айтып отырады екен деп тыңдап көргенмін ғой. Райм – тыңдаушы. Маманың бүкіл өмірбаянын біледі. «Айттым ба?» дейді. Райм «иә, айттыңыз» десе де, қайтып айтып отырады. Жаным анашым, жүз жасашы», – деп жазған еді Ерке Есмахан.
Айта кетейік, Ерке Есмахан Парижден алған бренд заттарын көрсеткен еді.
https://stan.kz/ozgenin-kunasin-arkalaushi-kop-erke-esmahan-erekshe-zha-403639/