ОТЫЗДА ОРДА БҰЗЫП, ҚЫРҚЫНДА ҚЫР АСҚАН

Қайбір басшы азаматтың іскерлігі, ұйымдастырушылық қабілеті сын сағатта көрінеді. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек кешегі өткен жылдың желтоқсанындағы алты күнге созылған қақаған аяз бен ақ түтек боранда өзінің іскерлік және ұйымдастырушылық қабілетін тағы бір көрсетті. Жамбыл ауданының төрт ауылы газ құбырының жарылуынан жылусыз қалғанда бір тәулікке жетпейтін уақытта- ақ шұғыл жасқталған арнайы бригадаға басшылық жасап ауылдарды жылумен қамтамасыз етті. Күре жолдар жабылып мыңдаған жолаушы жолда қалғанда да Қанатбек Қайшыбекұлының ұйымдастырушылық қыры жарқырай көрінді. Бұл-облыс әкімінің ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасарының қай салаға басшылық жасаса да иіріп алып кететінін көрсетсе керек. Ал, тікелей басшылық жасайтын саладағы атқарып отырған жұмысын шаруа адамы болған соң жақсы білемін. Ол -елдің көз алдында.
Қанатбек, кездесу-жиындарда кейбір басшылар сияқты шешімін күткен мәселені көтерсең, тыржиып қалмайды. Қайта өзіңді қолдап, қозғап отырған мәселеге қолдау білдіріп, көп ұзамай шешілуіне ықпал етеді.
Қанатбек Қайшыбекұлымен ауыл шаруашылығы саласына қатысты түрлі шараларда жиі кездесемін. Ондайда қарапайым еңбек адамына деген құрметі сезіліп тұрады. Малжанның амандығын сұрап, «Көке, қандай ұсыныс-өтінішіңіз бар?» деп құрақ ұшады.
Сарысу сынды шежірелі өңірде туып-өсіп, сол ауданды екі рет жемісті басқарған, Таласқа да әкім болып, шешімін күткен күрделі мәселелерді қысқа мезгілде шешіп кеткен Қанатбектің бойына барлық жақсы қасиет дүниеге Илья ағамыздай даңқты композиторды берген жасыл-желекке бөленген Ақтоғайдай асқақ ауылдан жұғысты болған шығар? Оның үстіне сарысулық аралас-құралас жүрген шаруа достардан текті әулеттен шыққанынан да хабарым бар.
Жә, басшылар туралы бұлай көсіліп, төгілмеуші едім, осы жігіттің әр ісіне риза болған соң ғой…Жыл басындағы бүгінгі туған күніндегі Фб-ғы ақ тілектер ағынының өзі Қанатбектің қандай азамат екенін айғақтап тұрған жоқ па?
Туған күн деген әрбір тірі пенденің басына жылына бір рет келіп жатады. Мәселе, келіп жеткен жасына кімнің қалай келгенінде. Ал бұл жағынан Қанатбектің жүзі жарқын. Құтты болсын! Аман бол, қызметің жемісті болсын! Шырағым, сені әлі бұданда жоғары қызметтен көрейік!
Жумасейт Нұрбаев
Comments (0)
Add Comment