Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 9 қыркүйегі күні «Отбасы күні» мерекесіне орай «ZHANUYA» емханасымен бірлесе отырып отбасын жоспарлау және жүкті әйелдер арасында созылмалы аурулардың алдын алу мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
Шара барысында отбасын жоспарлап жүрген жастардың сұрақтарына «Отбасын жоспарлау мектебінің» акушері Баймуханбетова Гүлсана Әбілхасымқызы толыққанды жауап берді.
Жалпы он жыл көлемінде денсаулық сақтау, әсіресе әйел ананың бала туу қызметін сақтау мәселелері әр түрлі мамандықтағы дәрігерлердің жалпы ортақ жұмысына айналды. Денсаулықтың жалпы негізгі параметрлерінде дұрыс тамақтану, спорт және дене шынықтырумен айналысу, организмге зиянды әсер ететін әдеттерден аулақ болу, көңіл-күйді жоғары ұстау, әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтана білу, тұқымқуалайтын ауруларды болдырмау, қолайлы экологиялық ортада өмір сүру жатады. Осының бәрі салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары болып табылады.
Әйелдің денсаулығы мен бала туу қызметінің арасында тығыз байланыс бар. Соңғы кездері 19 жасқа дейінгі жыныстық қатынаста ерте болудың кесірінен қатерлі ісік пен жасанды түсік жасау көбеюде. Әйелдің бала туу қызметін реттеу, ретсіз жүктілікті болдырмау жанұяны отбасын жоспарлау мәселесінің негізі болмақ. Жанұяны жоспарлау бала сыны шектеу ғана емес, ол ана мен бала денсаулығын қорғау, өмірге дені сау, үмітті, көптен күткен ұрпақ әкелу деген түсініңті білдіреді. Отбасын жоспарлау – қаламаған жүктіліктен сақтануға, әйел адамның ауруларынан сақтауға қызмет етеді.
Шара соңында жас аналарға арналған жаттығулар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы видеоролик көрсетірлі. Қатысқандар саны 10 адам.