Бүгін Шайқорық ауылында «Отбасылық медициналық орталығы» ел игілігіне берілді.
Орталықтың ашылуына Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары м. а. Сауле Қоңқашева және ауданның бас дәрігері Сейдахмет Шыныбеков, орталық директоры Ботагөз Қамбарова және ауыл тұрғындары қатысты.
Ашылуы салтанатында сөз алған аудан басшысы жеке серіктестік негізінде бой көтерген орталықтың мүмкіншілігі орасан екенін айтып, орталық басшыларына алғысын білдірсе, батағөй ақсақал Орынбай Рысбаев батасын берді.
2022 жылы басталған орталықтың құрылыс жұмыстары бүгінде толық аяқталып, барлық тиісті талаптарға халыққа медициналық қызмет көрсетуде.
Бір күнде 100 адамды қабылдайтын орталықта 5 күндізгі, 5 түнгі жатып ем қабылдай алады. Орталық 46 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Ғимараттың жалпы ауданы 1268, 2 ш.м. Қызмет көрсетілетін халық саны — 5900 адам, оның ішінде ересектер – 2605, балалар – 2183, туу жасындағы әйелдер – 1112.
Штат бойынша дәрігерлер – 18.
Тәулік бойы 5 төсектік стационар, 5 күндізгі стационар, 5 төсектік оңалту орындары бар.
Мұнда келесі кабинеттер жұмыс істейді:
* Зертхана
* Егу
* Дәрігерге дейінгі және қарау
* Нүктелер
* Физиокабинет
* ЕДШ
* Ультрадыбыстық
Қабылдауды келесі мамандар жүргізеді:
* Жалпы тәжірибелік дәрігер
* Отоларинголог
* Хирург (ересектер, балалар)
* Акушер-гинеколог
* Невропатолог (ересек, балалар)
* Офиальмолог
* Кардиолог
* Тіс дәрігері
* Фтизиатр
* Психиатр
* Нарколог
Шайқорық ауылындағы 7800 халықтың мұнда 5900-і тіркелінген.
Жамбыл ауданы әкімдігі