Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 10 қыркүйек күні Байзақ ауданы №7 орта мектебінің базасында Отбасы күніне орай «Ата-ана – үлгі балаға» атты отбасылық спорттық марафон өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың спортқа деген қызығушылығын ояту және отбасы мүшелерінің бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау.
Іс-шара барысында марафонға білім беру ұйымдарынан белсенді де үлгілі отбасылар қатысып, ата-аналар мен балалар бір команда ретінде түрлі спорттық эстафеталар мен ойын түрлерінде өзара үйлесімді әрекет пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін, спорттық шеберлікпен қатар, отбасылық бірлік пен өзара қолдаудың маңызын көрсетті.
Іс-шара соңында барлық қатысушы отбасыларға облыстық оқу-әдістемелік орталықтың алғыс хаттары табысталды.
Сонымен қатар, үздік нәтижелер көрсеткен отбасылар «Үздік спорттық отбасы», «Ең ұйымшыл отбасы», «Көңілді жанұя» номинациялар бойынша марапатталды.