Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында Отбасы күніне орай “Отбасы – болашақтың кепілі” атты семинар-тренинг өтті.
Отбасының тұтастығы, шаңырақтың бірлігіне арқау болған шараға облысымыздан арнайы қатысқан тәжірибелі психолог, коуч Фатима Бизақова жүргізіп, қатысушылармен отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала қарым — қатынасы туралы терең ойларымен бөлісіп, түрлі практикалық жаттығулар жасады.
Сонымен қатар семинарға аудандық полиция бөлімінің қызметкері Шакирова Айда, білім беру ұйымдарының психологтары, тәрбие завучтары, оңалту орталығы қызметкерлері, жастар және көпбалалы аналар қатысып, пайдалы ақпараттарға қол жеткізді.
Қызықты тренинг түрінде өткен жиын қатысушыларға терең ой салып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Отбасы – мықты қоғамның негізі!