Өскеменде тамақтан уланған қонақтар ауруханаға түсті

istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/264814-oskemende-tamaqtan-ulangan-qonaqtar-auruxanaga-tusti
Өскемен қаласында өткен салтанатты шараға қатысқан бірнеше қонақ ауыр уланудан кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендерге жедел ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Олар жүрек айну, құсу, дене қызуының көтерілуі, іштің ауруы және сұйық нәжіс сияқты белгілерге шағымданған. Бірнеше адам стационарда ем қабылдап жатыр, қалғандары амбулаториялық жағдайда емделуде. Ауруханадағы науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Мамандар эпидемиологиялық тергеуді бастады. Дайын тағамдардан, судан және қоршаған орта нысандарынан сынамалар алынды. Сондай-ақ, ауырған және байланыста болған адамдардан сұхбат алынып, зертханалық тексерулер тағайындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы пациенттерге қажетті ем көрсетіліп жатқанын, олардың жағдайы жақсарып келе жатқанын атап өтті. Амбулаториялық науқастар дәрігерлердің бақылауында.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264814-oskemende-tamaqtan-ulangan-qonaqtar-auruxanaga-tusti

Comments (0)
Add Comment