Өскемен әкімі Жақсылық Омар қызметінен кетті

6 жыл бойы басқарған әкім өзіне сенім артқан ел басшылығы мен қала тұрғындарына алғыс айтты.

Бұл туралы экс-әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Жақсылық Омар  «өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты» қызметінен кеткен.

«Алты жыл деген аз уақыт емес, көп те уақыт емес. Осы аралықта сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, шама-шарқымыз келгенше қызмет атқардық. Қала басшысы лауазымындағы қызметім тәмамдалуда. Осынау көрікті шаһар – Өскемен қаласының тұрғындарына, ел басшылығына маған сенім білдіргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін», – деді ол.

Өскемен қаласын 6 жыл бойы басқарған әкім өзіне сенім артқан ел басшылығы мен қала тұрғындарына алғыс айтты.

фото: gov.kz

https://turkystan.kz/article/252568-oskemen-kimi-zhaksylyk-omar-kyzmetinen-ketti

Comments (0)
Add Comment