ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудандық әкімдікте кеңейтілген мәжіліс отырысы өтіп, онда аудан әкімінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдері және әкімдікке қарасты бөлім басшыларының жыл басынан бергі орындаушылық тәртібі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселесі қаралды.
Сонымен бірге, облыс басшылығы тарапынан және халықпен кездесулер барысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу сапасы мен мерзімі де кеңінен қаралды. Тиісінше, дәл осы жұмыстарға салғырт қараған басшылар мен қызметкерлерге ескерту беріліп, жұмысты жүйелеу тапсырылды.
Одан бөлек, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасауда орын алған кемшіліктерге жан-жақты талдау жасалды. Нәтижесінде, келіп түскен өтініштерге жауап беруде жауапсыздыққа бой алдырған, мерзімін кешіктірген бөлім басшыларын жауапкершілікке тарту жайы да қаралды. Оған қоса, әрбір келіп түскен өтінішке мұқият болып, орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау үшін нақты шаралар қабылдауды қатаң жүктедік.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
Comments (0)
Add Comment