«Орташа тұрмыс дұрыс». Гүлзира Айдарбекова зәулім үйін көрсетті

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына өзінің үйін көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің анасы асып-тасқанды қаламайтынын тілге тиек еткен.

Мен қарапайым тұрғанды ұнатамын ғой. Орташа болғанын қалаймын. Асып-тасқым келмейді. Оның үстіне ұйқым да тыныш. Ұры түседі деп уайымдамаймын. Қатты жаман да емес, керемет те емес, орташа тұрмыс дұрыс, – деп жазды продюсер.

Кейінірек танымал продюсер «Мақтануды ғана білесің, қаншама адам нан таба алмай отыр» деп жазған оқырманына жауап берді.

Үйіме перде тіктіріп едім, халық шулап кетті. Жап-жас қыздардың еңбегін бағалау керек. Ұялатындай жеті қанатты сарай соғып жатқан жоқпын. Әлде алтын жіппен тігілген перде көріп тұрсыз ба?! Қазір еңбек етпей, алаяқтықпен не болмаса дайын асқа тік қасық салып үйренген жастар көп. Көз майын тамызып, қыздар еңбек етті, ұнатып жатқандар болса, тапсырыс беріп, саудалары жүрсін. Еркек басыңызбен әйелдермен өсек айтысып не істеп отырсыз, сіздікі тіптен ұят екен, – деді Гүлзира Үсенқызы.

 

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

https://malim.kz/article/show-business/ortasa-turmys-durys-gulzira-aidarbekova-zaulim-uiin-korsetti-28151?fbclid=IwY2xjawIKgGxleHRuA2FlbQIxMAABHQ5ula88kQQT0X7-qpghofzy_K9-og1OrnBLb2WE7368cqMHEUuGGFvrBQ_aem__YIYCdnl9EyzJYmpcz8udA

Comments (0)
Add Comment