Бүгін «Nur Otan» партиясының сайлауалды штаб мүшелері және партияның сенім білдірген өкілдері «Қаракөз» сауда орталығында экспромт-кездесу өткізді.
Штаб мүшелері қазіргі кезде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси ұйым екендігін, осы жылдардың ішінде партия ішкі тұрақтылықтың тірегіне айналғанын, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс жасалғаны айтылды.
— 2020 жыл барлығымыз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирус пандемиясы біздің өмірімізді, басымдықтарымызды өзгертіп, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы — адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы да дәлелдеді.
Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.
Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің облысты өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз! – деді штаб өкілдері.
Кездесу соңында «Бізді біріктіретін ортақ мақсат-әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру» — деп сөз қортындылаған партияның сенімді өкілдері сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.