Ордодан Қазақстан құрамасы финалға шықты

Қазақстан Б тобындағы алғашқы ойынын Чехия құрамасына қарсы өткізді. Аталған кездесуде отандық асықшылар қарсыластарын 64+хан:4 есебімен ойсырата жеңді. Кейін, Моңғолия асықшыларымен кездесіп, отандық спортшылар қарсыластарынан 60+хан:4 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтап, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, ақтық ойын 13 қыркүйек күні «Алау» мұз айдыны кешенінде өтеді.

 

https://turkystan.kz/article/248653-ordodan-kazakstan-ku-ramasy-finalga-shykty

Comments (0)
Add Comment