Оралда саябақ басшысының орынбасары 25 тәулікке қамауға алынды

Ол полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйін куәландыру туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан.

Орал қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты «Мәдениет және демалыс саябақтары мен скверлері дирекциясы» МКК басшысының орынбасарына қатысты әкімшілік істі қарады.

БҚО сотының ақпаратынша, 2024 жылдың 6 желтоқсанында сағат 02:15 шамасында азамат Д. көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, Орал қаласы, Молодёжная көшесі №3 үйдің ауласында бағытта Toyota маркалы автокөлікті басқарған. Сонымен бірге, ол полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйін куәландыру туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан.

«Сот отырысында азамат Д. өз кінәсін мойындап, мұндай жағдайдың алғаш рет орын алғанын мәлімдеді. Ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екенін түсініп, медициналық куәландырудан қорыққандықтан полиция талабын орындамағанын түсіндірді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 613-бабының 9-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамның полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйін куәландыру туралы заңды талабын орындамауы – жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады», — делінген ақпаратта.

фото: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/254277-oralda-saiabak-basshysynyn-orynbasary-25-t-ulikke-kamauga-alyndy

Comments (0)
Add Comment