Оралда ер адам пойыздың астында қалып, мерт болды

Оралда ер адам пойыздың астында қалып, мерт болды. Мамандар қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Орал апталығына» сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 4 ақпанда Орал станциясында күндізгі уақытта болған. Ер адам пойыздың астында қалып, алған дене жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айыпталушы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ведомство тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жария етпеді.

Фото: depositphotos.com

https://massaget.kz/news/oralda-er-adam-poyyizdyin-astyinda-kalyip-mert-boldyi-124966/?fbclid=IwY2xjawIPWs9leHRuA2FlbQIxMQABHZVI6HaDWZNBSf8QDcxn1FaUKzaeqcJ5WPk5aEeUbFGEikp1MwuhNLNqnA_aem_JNrbCWjuCsuSuoULsWjNlQ

А. Жапатова

Comments (0)
Add Comment