Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қызметінен кетті

Фото: gov.kz

Бұл туралы экс-әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Денсаулығыма байланысты бұдан да ертерек зейнетке шығуым керек еді. Алайда қала қиын жағдайда қалды. Көктемгі су тасқыны қала тұрғындарын табиғи апатқа қарсы біріктірді. Қала үшін осындай қиын-қыстау кезеңде мен де жұмыстан шыға алмай, әріптестеріммен иық тірестіре отырып, өз міндетімді атқара бердім», – деп жазды Миржан Сатқанов Facebook парақшасында.


Алматы облысында әкім мен жергілікті тұрғын арасында төбелес болды


Ол әкім қызметінен кетуге мәжбүр болғанын атап өтті.

«Қазір барлық салада жұмыс жолға қойылды, мен қаланың жаңа басшысы өзекті мәселелерді тез түсініп, алдағы уақытта Орал үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сеніммен әкім қызметінен кетіп жатырмын», – деді Сатқанов.

Сатқанов Орал қаласының әкімдігін екі жылдан астам уақыт басқарды. БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, Сатқанов жыл басында инсульт алып, сәуір айының соңынан бері еңбек демалысында болған.

Еске салсақ, бұған дейін қаланы су басуына байланысты Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланғаны туралы жазған едік.

https://stan.kz/oral-kalasinin-akimi-mirzhan-satkanov-kizmetinen-ketti-403633/

Comments (0)
Add Comment