Оңтүстік Кореядағы ең ірі интернет-дүкендердің бірі Gmarket мәліметтері бойынша, 2023 жылы үй жануарларына арналған арбалардың сатылымы алғаш рет балалар арбаларының сатылымынан асып түсті. Бұл үрдіс 2024 жылдың алғашқы алты айында жалғасын тапты.
Оңтүстік Кореяда туу көрсеткіші 0,72-мен рекордтықтүрде, төмен деңгейге түсті. Еңбек министрі Ким Мун Су қазіргі жастардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін, оның орнына үй жануарларын асырауды қалайтынын айтты.
Жақында жүргізілген сауалнама оңтүстік кореялық 20 мен 49 жас аралығындағы әрбір екінші әйелдің қаржылық қиындықтарға байланысты бала сүюді жоспарламайтынын көрсетті. Ал, елде үй жануарларын әкелетін орындар саны артып келеді.
Басылым мәліметінше, Оңтүстік Корея орталық үкіметінің өскелең ұрпақты үй жануарларына емес, балаларды таңдауға шақыруы қайшылықты болып көрінеді. Себебі ел президенті Юн Сок Ель мен оның әйелінің балалары жоқ. Дегенмен олар ит пен мысық асырайды.
Алайда маусым айында елде туу көрсеткішінің төмен болуына байланысты демографиялық төтенше жағдай жарияланды. Министрліктерге елде болуы мүмкін экзистенциалды дағдарысты болдырмау үшін туу деңгейінің күрт төмендеуін шешу міндеті жүктелді.
https://stan.kz/ontustik-koreyadagi-it-arbalarinin-satilimi-balalar-arbalarinin-satiliminan-asip-tusti-406278/