Онкологиядық аурудан 3 айда құлан-таза айығып кеткен әйел жұртты таң қалдырды

Oinet.kz 05-01-2023 Бұдан 5-6 жыл бұрын құрбымның туысқан әпкесі жаман аурумен ауырды… Жаман ауру болғанда да ең жаман түрі және метостаза жайылып кеткендіктен дәрігерлер енді химияны да көтере алмайды, сондықтан үйге алып кетіңіздер, деп ауруханадан шығарып тастаған екен.  Содан байғұс келіншек өлім сағатын күтіп, жаны қиналғаны  соншалық «құрысын, тезірек өлсем екен», — деп тілей бастайды. Туыстары жиналып, жылап-сықтап бір-бірінен кешірім сұрап, қоштасып жатады. Күйеуі еңкілдеп жылаған сайын келіншектің жаны ауырып одан сайын күйзеліп кетіпті.  Жұрттың бәрімен қоштасып, кезек күйеуі мен бала-шағасына келеді. Балаларының маңдайынан сүйіп бөлмеден шығарып жіберіп, күйеуіне соңғы сөзін айтып:  «Мен өлді екен деп жүнжіп кетпе, мына үш балаға ие бол,  осы үшеуі саған аманат! Мына балалар аш жалаңаш қалмасын десең тезірек үйлен, ана күйеуі былтыр қайтыс болған Айжанды бәрі мақтайды, өзі де сондай мейірімді, балаларымды жылатпас деп ойлаймын, соны алам десең мен де уайымдамай о дүниеде тыныш жатамын» деп жылап жіберіпті.  Сөйтсе, еңіреп тұрған күйеуі көзінің жасын сүртіп «балаларды жылатпай қарауға уәде беремін, бірақ Айжанды алам деп уәде бере алмаймын, мен анау Тоғжанды алсам ба деп ойлап жүрмін» —  депті. «Жан қимақ болса да, жар қимақ жоқ» деген сөз қалай дәл айтылған десеңізші!..  О дүниеге кетуге асығып әрең жатқан келіншек, дәл осы сөзді естігенде көзі алайып кеткен ғой. «Мен сені аяп, өлсем қиналатын болды-ау деп жүрегім езіліп жатсам, сен оңбаған, қатын қарап жүр екенсің ғой, саған ерегіскенде өлмеймін»- деп ренжіп қалыпты. Алланың құдретінде шек бар ма?!..  Содан өледі деген келіншек екі ай жатқан. Үшінші айға кеткенде төсектен тұрған. Содан  бері бес жылдан асты, дәрігерлер онкологияның түбімен жоқ болып кеткеніне әлі сене алмай жүр екен.  Адам шындап кіріскенде жеңбейтін қиындық жоқ! Бойыңызда жаныңыз бар кезде, жүрегіңіз соғып тұрғанда ешқашан ештеңе кеш емес!

Ойнет жаңалықтар сайты: https://oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=35&id=45673
© Oinet.kz

Comments (0)
Add Comment